Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына және Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мектеп лигасы – 2026» қалалық тоғызқұмалақ жарысында
А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7–8 сынып оқушыларынан құралған команда жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте II орынға ие болды.
Жарысқа қатысқан оқушылар:
- Нұрсұлтан Нұржігіт – 7 «В» сыныбы
- Болатбек Айәділ – 7 «В» сыныбы
- Қайрат Феруза – 7 «Г» сыныбы
- Өмірбай Аяулым – 7 «Г» сыныбы
Жеңімпаздар Арқалық қаласының білім бөлімі тарапынан Мақтау грамотасымен марапатталды.
Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!







