oC

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектебімізде мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – педагогтердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқылған шығармаларды талдау арқылы кәсіби және рухани дамуға ықпал ету.

Іс-шара барысында мұғалімдерге алдын ала ұсынылған әдеби шығармаларды әр әдістемелік бірлестік жан-жақты таныстырып, қорғап, талдау жұмыстарын жүргізді. Әр бірлестік өз шығармасын шығармашылық тұрғыда ұсынуға тырысты. Атап айтқанда, мазмұнды слайдтар көрсетіліп, қызықты викториналар ұйымдастырылды, тіпті кейбір шығармалар бойынша шағын қойылымдар да сахналанды.

Талқылау барысында мұғалімдер өз ой-пікірлерін ортаға салып, кері байланыс жасады. Нәтижесінде қатысушылар талданған кітаптардың мазмұнын тереңірек түсініп, ондағы негізгі идеялар мен тәрбиелік мәні туралы құнды ақпарат ала білді.

Аталған іс-шара ұстаздар қауымының бірлігін нығайтып, кітап оқу мәдениетін дамытуға серпін берді.