oC

14 ақпан – әлем жұртшылығы атап өтетін ерекше мерекелердің бірі – Кітап сыйлау күні. Бұл күн – кітапқа деген құрметті арттырып, рухани құндылықтарды дәріптейтін тағылымды мереке. Осы айтулы күнге орай мектебіміздің кітапханашылары оқырмандарға кітап сыйлап, жүрек жылуымен бөлісті. Бұл игі шара оқушыларға,оқырмандарға ерекше қуаныш сыйлап, кітаптың адам өміріндегі маңызын терең сезінуге мүмкіндік берді.

Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білімнің таусылмас бұлағы. Әрбір кітап – тұнып тұрған тарих, өнеге мен тәрбие, даналық пен тағылым. Кітап оқу арқылы адам рухани өседі, ой-өрісі кеңейеді, дүниетанымы қалыптасады. Ал кітап сыйлау – сол рухани байлықты басқаға тарту ету, ізгілік пен парасаттың белгісін көрсету. Себебі кітап – берілген сайын құндылығы арта түсетін, адамға өмір бойы серік болатын ең қымбат сыйлық.

Бұл күні кітапты тек кітапхана қорына ғана сыйлап қоймай, оқырмандардың бір-біріне кітап сыйлау дәстүрі де насихатталды. Мұндай игі бастама оқырмандар арасында рухани байланысты нығайтып, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыра түсті. Кітап сыйлау – адамға тек сыйлық беру емес, оған жаңа әлемнің есігін ашу, жаңа ой мен жаңа мүмкіндіктер сыйлау.

Ұйымдастырылған шара барысында оқырмандар кітаптың адам өміріндегі ерекше орны туралы ой бөлісіп, кітаптың – үнсіз ұстаз, сенімді дос, сарқылмас білім көзі екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етеді.

https://youtube.com/shorts/JxqcSvR1EdQ?si=LFdvPH2wEXXyUmaV