oC

2026 жылдың 27 ақпан күні «Сандық лабораториялар: PhyLab, Arduino және датчиктерді сабақта қолдану» тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбы өткізілді.

Мақсаты – оқу үдерісінде сандық лабораториялардың (PhyLab, Arduino және датчиктер) мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың практикалық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін және пәнге қызығушылығын арттыру.

Аталған шеберлік сыныбы барысында «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-нің физика пәні мұғалімі Жабағы Ерболат Ғабитұлы «Физика сабағында STEM тапсырмалар, виртуалды симуляторлар және цифрлық датчиктермен жұмыс» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сабағын көрсетті.