oC

Арқалық қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Арқалық қаласының математика және физика пәні мұғалімдері Жангелдин ауданына іссапармен барып, тәжірибе алмасу мақсатында семинар өткізді. Іс-шара Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылды.

Семинар барысында Арқалық қаласының ұстаздары ашық сабақтар өткізіп, шеберлік сыныптарын көрсетті. Сабақтарда заманауи білім беру технологиялары, цифрлық платформалар, STEM бағытындағы тапсырмалар және тәжірибелік жұмыстар тиімді қолданылды. Бұл өз кезегінде педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Аталған семинарға Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімдері Жабағы Ерболат Ғабитұлы, Калиев Ерқанат Қайратұлы «Физика сабағында STEM тапсырмалар, виртуалды симуляторлар және цифрлық датчиктермен жұмыс» тақырыбында, математика пәні мұғалімі Ажибаева Аружан Аяновна «AI цифрлық құралдар арқылы математиканы модернизациялау» өз тәжірибелерімен бөлісіп шеберлік сағатын өткізді.  

Семинар соңында белсенділік танытып, тәжірибелік сабақтар мен шеберлік сыныптарын жоғары деңгейде өткізген ұстаздар Жангелдин аудандық білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.

Іс-шара қатысушылары мұндай тәжірибе алмасу кездесулері педагогтердің кәсіби дамуына үлкен серпін беретінін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.