Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» БББ оқушылар мен педагог-психологтар арасында 2026 жылдың 17 сәуірінде «Болашақ психолог: ғылым мен тәжірибе тоғысындағы ізденіс» атты олимпиада өткізді. Олимпиада III кезеңнен тұрды. Олимпиадаға қала және ауыл мектептерінен 10 команда қатысты. А.Құнанбаев атындағы мектеп—гимназиясынан 11- сынып оқушылары Ердәулетқызы Томирис, Қуаныш
Меруерт және мектеп педагог-психологы Кажимуратова Сагила Шайсултановна қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді.







