oC

Адамның жүрегіне жылу сыйлап, өміріне бағыт-бағдар беретін ең қасиетті ұғым – отбасы. Ал отбасының берекесі – сыйластықта, мейірімде, үлкеннің батасы мен кішінің ізетінде.

Осы асыл құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Отбасы күні мерекесіне орай А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Арқалық қаласының Аналар кеңесі және Әжелер алқасының бірлесуімен 10–11 сынып білім алушыларына арналған «Отбасы құндылықтары – жүректен басталады» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. 🤍
 
Кездесуге мектеп- гимназиямыздың аға буын , өнегелі, дәулетті Серікбай ата әулеті немересі Аймұқанмен және жас отбасы, тағылымды тәрбиесімен балалар тәрбиелеп мнктебіміздің мерейін көтеріп жүрген Таласовтар отбасы қатысты. Бұл кездесу ұрпақ пен ұлағатты буынның арасын жалғаған жарасымды жүздесуге айналды. Өмірден көргені мен көңілге түйгені мол үлкендер ақылын айтып, отбасы қадірі, ата-анаға құрмет, ұлттық тәрбие мен адамдық қасиет жайында жүрекке жетер сырлы әңгімелерін ортаға салды. Бақытжамал Аяғанқызы бастаған Әжелер ансамблінің әсем әні кездесудің ажарын ашып, ақ жаулықты әжелердің қоңыр үні жас жүректерге мейірім ұялатты.
 
Ал Серікбай ата әулетінің немересі Аймұқанның күмбірлеген күйі – бабадан балаға жалғасқан қасиетті домбыра өнерінің, ұлттық рухтың әдемі көрінісі болды.
 
Кездесу барысында қонақтарға сый-құрмет көрсетіліп, үлкенге ізет, кішіге құрмет танытудың жарқын үлгісі көрсетілді.
 
Бүгінгі тағылымды жүздесу – жас ұрпаққа айтылған ақылдан ғана емес, көрсетілген өнегеден құралған өмір сабағы болды.
 
Өйткені отбасы – бір шаңырақтың астындағы адамдардың жиынтығы ғана емес.
 
Отбасы – жүректегі жылу, ұрпаққа аманат болған тәрбие, әулеттің алтын арқауы.
 
Жүректе мейірім барда – отбасы берік.
 
Үлкенге құрмет барда – ұрпақ өнегелі.
 
Ұлттық құндылық барда – елдің ертеңі кемел.
 
Отбасы құндылықтары – жүректен басталып, ұрпақ жүрегіне жалғассын!