Іс-шараның негізгі мақсаты: Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, ұстаздық мамандықтың қыр-сырын түсіндіру, еңбекке деген құрметті арттыру және өзін-өзі басқару мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Мектеп-гимназияда дәстүрлі түрде ұйымдастырылған «Дублер күні» жоғары деңгейде өтті. Бұл күні 11-сыныптың 61 оқушысы белсенділік танытып, мұғалімдердің рөлін сәтті сомдады. Олар сабақтар жүргізіп, мектептің күнделікті тыныс-тіршілігіне басшылық жасады. Жас буын ұстаз болудың жауапкершілігін сезініп қана қоймай, бұл мамандықтың ең құрметті әрі қадірлі мамандық екенін терең түсінді.
Ерекше бір атап өтерлігі, бұл күні 86 мұғалім де балалық шақтарын еске алып, оқушылардың рөліне енді. Олар қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы және дене шынықтыру сабақтарына қатысып, мектеп қабырғасындағы алтын күндерін сағынышпен еске алды. Мұғалімдер мен оқушылардың бұл өзара алмасуы мектепішілік байланысты нығайтып, ерекше көңіл күй сыйлады.
Дублер күні барлық қатысушылар үшін ұмытылмас әсерге толы, тағылымды мереке болды.






