oC

Арқалық қаласында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл және Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған 9–11-сынып оқушылары арасындағы «Мектеп лигасы – 2026» шахмат жарысында Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылар командасы командалық есепте II орынға ие болды! ♟️🏆

Мектебіміздің намысын қорғаған оқушылар:

  • Нұрахмет Еділ — 10 «А» сыныбы;
  • Құсайын Дамир — 11 «А» сыныбы;
  • Әбузар Әділет — 9 «Б» сыныбы;
  • Киікбаева Ақнұр — 9 «Б» сыныбы.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыстар тілейміз! 👏🏻🎉